Флегматик қазақша – Флегматик — Уикипедия

Холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик дегендер нелер және қайсысы жақсы?

Бұл төрт терминдерге кішкене термин берейін:

1) Меланхолик — адамдарға тән төрт темпераменттің бірі. Меланхолик сәл нәрсеге сезімтал, тұйық, сөзге сараң, жайбасар адамға қатысты айтылады. Мұндай адам жүйке жүйесі әлсіз типке жатады. Өйткені оның қозу, тежелу жүйке процестері өте баяулығымен ерекшеленеді. Не нәрсе болса да ішінде сақтайды. Меланхоликтің де жағымды және жағымсыз жақтары болады. Егер де меланхолик — темпераментті адам дұрыс тәлім-тәрбие алмаса, ондай адам өзінен-өзі тұйықталып, жұрттан өзін оқшау ұстауы мүмкін. Адамда болатын темпераменттердің қай-қайсысы да жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттерінен туындайтын, адамның тұқым қуалайтын, жеке дара қасиеті болып саналады.

2) Холерик — темпераменттің типі (Мінезді, қызу мінезді, жігерлі адам). Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс-әрекет атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа құмарта беріліп, екпінмен істеуші, анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомимикасынан білініп тұрады. Холерик белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі, бастаған іс-әрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға құмар. Өзі де ұйымдастырып, аяғына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ сақтайды. Холерик темпераменті тез туатын күшті сезімдерімен, эмоциялық қозғыштарымен, шамданғыштығымен, жігерімен, үлкен қозғалғыштығымен, ұтымды қимылдарымен, бай мимикасымен сипатталады.

3) Сангвиник — оптимист адамды белгілеу үшін қолданылатын термин. Сангвиник типті адамның эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Сангвиник — әсершіл адам. Ұнатқан, сүйсінген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденіп, басқа әсерге ауысып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі, сергек келеді. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика, қимылы көп. Ақжарқын, ашық келеді. Мұндай адам басқалармен тез тіл табысады, бірақ қарым-қатынасқа онша мән бермейді. Қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпыну көп, бірақ оп-оңай басылып қалады. Бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады. Іске қатысуға әр уақыт дайын тұрады. Кейде бірнеше жұмысқа бірдей кіріседі. Басында көңілі көтеріңкі болып, іс үстінде лезде суыйды.

4)Флегматик. Флегматик темпераменті сезімнің болымсыз білінуімен сипатталады; флегматикті өзі үшін байсалды кәдуілгі күйде шығарып әкету оңайға түспейді; ол жүріс-тұрысы мен сөзінде сылбыр, оның мимикасы онша айқын емес, қимылдары сараң. Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбаqды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін, дене қимылдарын білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бірсарынды монотонды сөйлейді. Кісімен араласып жақындасуда мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады. Флегматик байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса, есебін тауып жалтарып кетеді, тыныштықты жақсы көреді. Көңіл көтеретін сауыққа да әуес емес, бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.

 Бұл төрт темпераменттен сіз тек қана тест арқылы өзіңіздің қай темперамент екенізді анықтай аласыз…

 

 

surak.baribar.kz

Темперамент — Уикипедия

Темперамент (лат. temperamentum — бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының — жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. [1]

Темпераменттер[өңдеу]

Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.Холерик темпераментінің жағымды жағы — энергия,белсенділік, құштарлық,инициативтік.Жағымсыз жағы — ұстамсыздығы,қаталдық,қатаңдық,шамдану,ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі.Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады.Тақтада жауап бергенде , кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады,өте жылдам жауап береді.Ондайлар тез істеуге,үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады.Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.

Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы,2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.

Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.

Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. — 482 б. ISBN 9965-808-85-6

Сыртқы сілтемелер[өңдеу]

kk.wikipedia.org

Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы қазақша реферат

Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы. И.П. Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша 4 түрлі темперамент өкілдері бойынша сипатталады.

Мәселен, нерв процестері күшті, бірі екіншісіне тен, келмейтш адамдар көбінесе ұйтқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келді.

Олар- ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олаодың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады.Бұлар -холерик темперамен-тінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады. Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қаблетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ—көңіл, қызу істің адамы. Оның осал өнері -іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларыйың тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жә йыттар.

Флегматик — темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шақпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері -қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оң тайлықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.

Меланхолик — темпераментінің адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераментте адам өзге адамдармен щнша көп жүғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз
ойына шомуға бейім тұрушылық орынсыз и балылық — осы темпераменттің ең бір нашар жағы.
Орыс жазушыларының көрнекі өкілдері Герценді сангвиник, Гогольді меланхолик, Крыловті — флегматик темпераменттерінің өкілдеріне жатқызуға болады.
Табиғи жағдайда темпераменттердің “таза” түрін ажырата алу, көбінесе қиынға соғады. Өйткені олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.
Дегенмен ұзақ уақыт бойында жүргізілген зерттеулер бізге төменгі класс оқушылары арасынан темпераментердің “таза” түрлерін тауып ашуға мүмкіндік берді. Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасу жолын қарастыра отырып, сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұ ның балалардың темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрнетіндігін байқауға болады. Бұл жерде профессор Н.Н. Красногорскийдің балаЦыі^ жоғары нерв қызметі оның сөйлеу ерекшеліктеріне (атап айтқанда дауыс ырғағына, мәнерлікпен, сөйлеу қарқынына) әсер етіп отырады деген қағидасының дүрыс екендігі байқалды. Осы айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауда олардың жалпы ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін, жұмыс істей білу қаблетін, осыларға байланысты түрлі қозғалыс-қимылдармен де санаспауға болмайды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты әр түрлі темпераменттегі баланың ерекшеліктерін төмендегіше тұжырымдауға болады.

1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-
қымтырылмайды, оптимист, өмір сүргіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.

2. Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяф байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Флегматик темпераменттіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгенен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.

3. Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері.

Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейкам, ашуланшақ бала. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оқтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.

4. Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өпелегіш, пессимист тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осынді баланы құрбы-құрдастары “қорқақ”, “сылбыр”, “үндемес”, маубас” т.б. деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қышр, қисық келеді.

Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топрақтың өсімдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады. Өйткені темперамент — адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әйтсе де темперамент адам психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес.

5. Адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуіне сырттай із қалдырғанмен, ақыл-ойының дамуына ешқандай әуелі әсер ете алмайды деген қағиданың бірден-бір

дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Осы айтылғадардан темпераменттердің қандай болмасын тәрбиенің ықпалы мен қалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік-жігері күшті, мінезді ұжымның бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады.

Тағы рефераттар

referattar.kazaksha.info

Темперамент, оның түрлері — Студент

Темперамент (латын тілінен аударғанда- “қоспа, сәйкестілік” ) деп, әдетте, адамның психикасының сипатын оның байсалдылық және қозғалтқыштық деңгейін анықтайтын туа біткен ерекшеліктерін атайды.

Темперамент жеке тұлғаға тән ең тұрақты маңызды ерекшеліктерден құралады. Ол адамның жүріс-тұрысынан, оның өзіне және қоршаған әлемге деген қатынасынан білінеді. Темперамент- бұл қарым- қатынанс жасау барысындағы сыртқы ортаға, айналадағы жағдайға деген психикалық реакцияның сипаты. Темпераменттің негізгі 4 типін бөліп қараймыз:

  1. Сангвиник- ширақ, көпшіл, сыртқы қоздырғышқа тез жауап береді. Бұл күшті тип, ол өзін-өзі жақсы ұстай алады, байсалды келеді.
  2. Холерик- ширақ, көпшіл, қызба, сыртқы қоздырғышқа жауабы әр түрлі. Шыдамсыз, ашуланшақ болып келеді. Бір нәрсені бастаса оның тоқтату қиын. Олар тік мінезді
  3. Флегматик- селқос, көп қозғалмайтын, сабырлы, ұстамды. Олар бос сөлегенді ұнатпайды, тұйық. Ұзақ және бір қалыпты жұмыс жасай алады, күтеде алады.
  4. Меланхолик- селқос, біртоға. Бұл әлсіз тип, оған өзіне-өзі сенімсіздікпен жасықтық тән. Меланхолик ренжігіш, күмәншіл болып келеді.

Мінез деп- әдетте, адамның айқын көрінетін бір екі белгісін айтады. Мінез- адамның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Бұл қасиеттер оның жүріс тұрысымен іс әрәкетінен көрінеді. Мінез адамға қайталанбас ерекшелік береді, жеке тұлғаның маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Адамның мінезін ерік ерекшеліктері, сонымен бірге эмоционалдық, темпераменттік және интеллектуалдық ерекшеліктерін айқн көрінеді. Мінез белгілері- тұлғаның тұрақты қасиеттері болғанмен, өзгеруіде мүмкін.

Мінез- бұл жеке тұлғаның жүріс-тұрысынан, оның іс-әрекетінен, табиғатқа, достарына, ата-аналарына, қоғамға және өзіне деген қатынасынан көрінетін тұрақты және айқын белгілерінің үлесі. Мінез- әлеуметтік жағдайдың, білім алудың және тәрбиенің әсерінен біртін деп қалыптасады.

Ес- адамның интеллектуалдық қабілетінің негізі. Сенің тұлғалық қасиеттерің есті жаттықтырып, дамуына, еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыруыңа байланысты. Тарихтағы көптеген кеменгер адамдар өздерінің есте сақтау қабілетімен таң қалдырған. Біреулері бейнелерді, екіншілері- сөздерді, сандарды немесе түстерді немесе көңіл күйді және т.б. есте сақтай алумен ерекшелінеді.

ЕС- қоздырғыштың әсерінен жүйке жүйесінде қалған процестер. Бұл- өткен тәжірибенің санадағы көрінісі. Адам басынан өткенді кезінде ми қабылдады, кейінгі уақытта оның, адам танып, есіне түсіреді.

Естің 3 типін бөледі:

  1. Көрнекі- бейнелі тип- адамдардың беттерін, дыбысты, нәрселерді, құрылыстарды, түстерді және тағы басқа жақсы есте сақтауға көмектеседі
  2. Ауызша- логикалық тип- сөз тіркестері, терминдер, кестелер, ормулаларды және басқаларды жақсы есте сақтайды.
  3. Эмоционалдық тип- бастан өткен сезімдер, көңіл күй, ашу, ыза және басқалары жақсы сақталынады.

Ес анализаторларға сәйкес былай жіктеледі:

  1. Көргенді
  2. Естігннді
  3. Иіскеп сезгенді
  4. Сипап сезгенді

Ес сонымен қатар механикалық жане логикалық болып екіге болінеді. Механикалық жаттау көп уақытқа сақталмайды, ал логикалық жаттау үзақ сақталады және жақсы есте қалады.

Қазіргі заманғы көзқарас бойынша ес келесі түрлерге бөлінеді.

-кенет- мұнда материал тез арада, бір минутқа дейін есте қалады

-қысқа мерзімді- материал көп уақытқа емес. бірнеше сағатқа дейін есте қалады.

-ұзақ мерзімді- ұзақ уақыт, көп жылдарға дейін есте қалады және жақсы нәтиже береді.

Есті сақтауды белгілі бір тәсілдері арқылы нығайтып жаттықтыру керек. Бұл кезде есте сақтаудың әлсіз түрін- көру, есту, қозғалыс және эмоциялық есте сақтауды нығайту керек. Түрлі шынығу тәсілдері, салқын душ, белсенді дене жүктемелері, күн тіртібін сақтау, еңбек пен демалысты дұрыс алмастыру, психогигиенамен психикалық жағдайлардың алдын алу шаралары- осылардың бәрі есте сақтаудың жақсаруына және дамуына септігін тигізеді. Есте сақтауды жаттықтыру 10-20 екі мәнді сандарды орналасу тәртібі бойынша немесе осынша көлемдегі түрлі аттарды есте сақтау арқылы жүргізіледі.

Адамдар мен жануарлар ұйқының қанбауынан гөрі тамақ пен судың жеткіліксіздігін жеңіл көтереді. Ұйқыны ештемемен алмастыруға болмайды. Ұйқы адамның биорритмдерінің ең маңыздыларының бірі, сондықтан бір уақытта ұйқыға жатқан өте маңызды, ұйқыға жатар алдында бір сағат бұрын таза ауада серуендеу пайдалы. Жылы ванна қабылдау, бетті, қолды, аяқтарды, жылы сумен жуу пайдалы. Ұйқыдан 1,5- 2 сағат бұрын көп тамақ ішуге болмайды, оның орнына бір стакан жылы сұт немесе айран ішкен дұрыс . ұйқының ұзақтығы төменгі сынып балалары үшін 10-10 сағат 30 минут, орта сыныптарда- 9-9 сағат 30 минут, жоғарғы сыныптарда- 8-9 сағат болуы керек. Үнемі ұйқының қанбауы жүйке жүйесінің түрлі ауруларына және кһбіне ішкі мүшелер жұмысының нашарлап, еңбек ету қабілетінің төмендеуіне әкеп соқтырады.

baribar.kz

Темперамент туралы түсінік

Жоспар

1. Темперамент туралы түсінік

2. Темперамент туралы теориялар

3. Темпераменнтердің психологиялық сипаттамасы

 

1. Темперамент жөнінде түсінік.

Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер.Әр адамның,баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс.Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден — әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында.Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы,тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс — әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді. Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты іс — әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден – ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер бірігін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік жүйесі өмірлік іс- әрекет Тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға болады.

2. Темперамент туралы теориялар.

Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ.Оның  тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» — қан, шырыш, өт, запыран — өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.

Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик( chole — өт), меланхолик(melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі  жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.  Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:

1.Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.

2. Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.

3. Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.

4. Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.

Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған- Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.

3. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.

Сангвиник.

Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді  оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал  қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.

3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында  есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.

Флегматик.

Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру.  Кейде флегматиктер  жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.

Мысалы 2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да,  сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.

Холерик.

Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.

Мысалы, кіші холерик оқушыда талпыныс пен құштарлық  ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен  энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде,  кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-пысады, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды.  Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.

Меланхолик.

Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі.

Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп  уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.

Қорытынды

Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз іс — әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердің желісінде көріне отырып, еске түсіру, қабылдағанды бекіту жылдамдығына ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын және оның ауыспалығын айқындап береді.

Темперементтерді тәрбиелеуде баланың ерік – жігерін, мінез бітістерін, сезім эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастыруға жүргізілген дұрыс. Адамның өзін — өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем береді.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Бап – баба С.Б.. Жантану негіздері: Алматы, Заң әдебиеті, 2003.- 306 б.

2. Жарықбаев Қ. Жалпы психология.- Алматы, 2004.- 377 б.

3. Жарықбаев Қ. Жантануға кіріспе, Алматы, 2004

4. Немов Р.С. Психология. – М., 2001

kitaphana.kz

Темпераменттердің типтері және олардың психологиялық сипаттамасы » TopReferat.com.kz Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық, презентация

Темпераменттердің типтері және олардың психологиялық сипаттамасы

Темпераменттердің типтері және олардың психологиялық сипаттамасы

1

Раздел: Психология | Автор: Админ | Дата: 4-10-2015, 14:00

Загрузок: 10664



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…..3

1. Темпераменттің жалпы түсінігі………4

2. Темпераменттердің типтері және олардың психологиялық сипаттамасы…6

3. Темперамент және жеке адамның қалпы…….9

ҚОРЫТЫНДЫ………….10

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…….11

КІРІСПЕ

Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды.

Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса — адамның дені сау, дұрыс араласпаса — сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді.

Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда — өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.

Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұ

topreferat.com.kz

Темперамент туралы қазақша реферат | Bigox.kz

Темперамент туралы жалпы түсінік туралы қазақша реферат

Темперамент деп психикалық процестер ағысының жылдам, не баяулығы, қимыл – қозғалыстар мен көңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Темперамент адамның жеке қасиеттерінің ішінде айрықша белгілермен ерекше көзге түсіп отырады. Темперамент ұғымын жан қуаттарының ағысы (тез немесе өте баяу) қозу, тежеу процестерінің дәрежесі (тез не баяу), көңіл күйінің деңгейі (тұрақты, тұрақсыз) сияқты ерекшеліктерін құрастырады. Осы шарттарды негіз етіп, айтылған ерекшеліктерді еске алып, тнмпераменттерді 4 түрге бөлуге болады. Олар: 1. Сангивиникалық. 2. Холерикалық. 3. Флегматикалық. 4. Меланхоликалық темперамент.

Жоғарыдағы айтылған негізгі шарттарға сүйене отырып, бұл темпераменттердің әрқайсысына мына сияқты сипаттама беруге болады: 1. Сангвиникалық темпераментіндегі адамның жан қуатының ағымы ширақ,  дене қимылдары мен бет қимылдары өзгермелі, эмоциялық қозулары әлсіз, көңіл күйі тез ауысып отырады. Жүріс- тұрысы да жылдам, ашулануы да, қуануы да тез, көңіл күйі өзгермелі болады. Мұндай кісі онша кек сақтамайды, қазір біреумен ерегісіп қалса, біраздан кейін ашуы тарап кетеді; 2. Холерикалық темпераменттің өкілінде психикалық әрекеттің ағысы тез және күшті болып келеді. Көтеріңкі, көңілді көзі оттай жайнап, сөйлегенде жұртқа кезек бермейді, былапыт сөзге үйір. Бір сөзбен айтқанда, ұстамсыз, құйындай адам. 3. Флегматикалық темпераментіндегі адам психикасы жай, жайбарақат болады. Дене қимылы, бет қимылы шабан, көрнексіз. Тежеулері бір қалыпты, қимыл – қозғалысы баяу, көңілі тұрақты болып, жайбарақат тіршілікпен жүріп жатады. Бұл адамдар көбінесе өздерінің жүріс – тұрысында сабырлы, мінезді болып келеді. 4. Меланхоликалық темпераментіндегі адамдардың психикасы жай, дене, бет қимылдары баяу, солғын болып келеді. Меланхоликалық кісі жүріс – тұрыстары өте жай, аса сылбыр, қимыл – қозғалыстары көрнексіз, ажарсыз болады, ойын – күлкіні көп жақтырмайды, көпшіліктен аулақ жүреді, жұртпен араласуды қаламайды, өзінен — өзі тұңғиыққа батқандай, үнемі уайым – қайғыға түскендей қалып байқатады.

Темпераменттердің осы 4 түрінің біреуі жақсы, біреуі жаман деп айтуға болмайды. Өйткені, олардың әрқайсысының да ұнамды, ұнамсыз жақтары да бар. Егер сангвиниктің ширақ болуы, көңілінде кек сақтамауы жағымды болса, көңіл күйінің бір қалыпты болмауы өзгеріп, құбылып тұруы, бір бастаған жұмысын аяқтап, ақырына жеткізбеуі жағымсыз жағы болып табылады.

Холериктің өте жігерлі болуы жағымды болса, көңілінің өте қатаң ұйытқымалылығы, ұстамсыз – тұрақсыздығы қолайсыз жағы болып табылады. Флегматиктің сабырлы, салмақты, көңілі тұрақты болуы жағымды болса, қимыл – қозғалыстарының баяулығы, шабан болып келуі жағымсыз жағы болады. Ал меланхоликалық адамның көңілінің тұрақты болуы, қолына алған бір жұмысты аяғына дейін апаруы жағымды жағы болса, өте сылбыр болуы, көбінесе көпшіліктен бөлек жүріп, өзімен — өзі болып, өзінен-өзі жүнжіп кетуі жағымсыз жағы болып табылады. Міне, осы себептен бұл темпераменттердің мынауысы жақсы, мынауысы жаман деп айтуға болмайды. Темпераменттердің осы түрлері шартты түрде сипатталған деуге болады. Өмірде темпераменттердің таза түрін кездестіру қиын, өйткені бұлардың жекелеген элементтерін әр темпераменттен де кездестіруге болады. Жүйке саласының өзгешеліктерін лабораториялық жағдайда зерттеу арқылы ғана бұларды даралап анықтауға мүмкіндік туады.

Физиолог И.П.Павловтың айтуынша, осы айтылған төрт темпераменттің қосындысынан тағы да темпераменттің бірнеше түрін шығаруға болады. Ол жеке темпераменттердің түрлерін 24-ке жеткізуге болады дейді. И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметінің типтері туралы ілімі (1924) темперамент мәселесін ғылыми жолмен түсіндіруге жағдай жасады. Ғалым организмнің (иттің) жүйке саласындағы негізгі үш қасиетінің қызметімен байланыстырады:

1. Негізгі жүйке процестері (қозу, тежелу) күшті, әлсіз болуы. Мысалы, иттің жүйке саласының күшті екенін айыруда, шартты рефлекс ретінде өте күшті тітіргендіргіштердің әсерін байқаған. Кейбір реттерде өте күшті дыбыстардың әсерінен шартты рефлекстер пайда болған, енді біреулерінде мұндайда жағымсыз сезімдер пайда болып, шартты рефлекс жасалмаған. И.П.Павлов күшті қоздырғыштармен шартты рефлекс тудырған иттің жүйке саласы күшті деп, ал рефлекс туғызбайтындарды жүйкесі әлсіз деп есептеген.

2. Қозу және тежеу жүйке процестерінің бір – бірімен тепе – теңдігі. И.П.Павлов иттердің жүйке саласындағы қозу мен тежелу бір – бірімен тепе – тең бе, не тежелу, қозуынан басыңқы ма, не керісінше бұлардың қайсысы күшті, осы мәселеге қатты назар аударған. Тәжірибеде иттердің тежелу процестерінің тепе – теңдігі түрліше болған. Кейбіреулерінің қозуы мен тежелуі тең болса, енді біреулерінің қозу процестері басымырақ болған.

3. Қозу және тежелу жүйке процестерінің жылдамдылығы. Мұны анықтау үшін И.П.Павлов иттердің шартты рефлекстері пайда болуында бір шартты қоздырғыштан, екінші шартты қоздырғышқа тез ауыса алуын зерттеген. Егер иттер бір шартты қоздырғыштардан, екіншісіне тез көшіп, соларға да шартты рефлекс пайда болдырса, оны И.П.Павлов жылдам ауысады деп, шартты қоздырғыштарға тез ыңғайлана алмағандарын «шабан ауысады» деп белгілеген.

Міне, осы жоғарыда айтылған үш негізгі жүйке саласының белгісіне сүйене отырып И.П.Павлов хайуанаттардың жүйке саласын негізгі төрт түрге бөлген. Олардың үшеуі күшті типтер де біреуі әлсіз тип. Үш күшті типтің екеуінің қозу мен тежелу процестері тең, ал біреуінің қозу, тежелу процестерімен тең емес, яғни қозуы тежелуінен басымырақ.

1. Қозу мен тежелу процестері тең, күшті және жылдам қимылдағыш тип, басқаша айтқанда, оны Павлов ширақ тип деп атайды. Жүйке саласының осы типі жоғарғы айтылған темпераменттің сангвиника дейтін түріне сәйкес келеді.

2. Қозу, тежелу процестері тең, бірақ, олары баяу алмасады. Мұны И.П.Павлов, баяу тип деп атайды. Жүйке саласының бұл типі флегматикке сәйкес келеді.

3. Қозу мен тежелу процестері тең емес, қозуы басым, күшті, ұстамсыз тип. Бұған темпераменттің холерика дейтін түрі сәйкес келеді.

4.  Қозу, тежелу процестері қай жағынан да өте әлсіз тип. Бұл тип меланхолик темпераментінің физиологиялық негізі болып табылады.

Темперамент туралы теориялар

Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ежелгі Греция ғалымы және дәрігер Гиппократ бұдан екі жарым мың жыл бұрын, темперамент туралы теорияның негізін салды.

Гиппократ өзінің дәрігерлік тәжірибесінде адамдардың қимыл — әрекеттерінің бірдей еместігін, олардың жүріс – тұрысына, психикалық әрекеттерінің ағысы да, көңіл күйінің барысы да әртүрлі екендігін байқап, бұлардың не себептен осылайша болғандығына ерекше назар аударған. Ол адамды әр темпераментке бөлген. Денеде болатын 4 түрлі сұйық заттарды: қан, шырыш (шайыр), қара және сары ет, осыларды әр түрлі пропорцияларына сәйкес түсіндірген.

Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде заттардың біреуінің көп, кейбіреулерінің аз болуы – олардың бірімен-бірінің пропорциясы бұзылса, бірі екіншісінен артық, не кем болса, белгілі темпераменттің төрт түрінің біреуіне жататын болған. Мәселен, сангвиник темпераментіндегі адамдардың қаны басым келеді. Мұндай адамдар тез қозғыш, тез тыныштанғыш болып табылады. Меланхолик темпераментіндегі адамның тәнінде қара өт басым болады. Мұндай кісі өте тұйық, жігерсіз келеді. Холерик темпераментінде сары ет басым болады. Олар жігерлі болып қимыл-қозғалысы күшті, ұстамсыз, ерекше пысық келеді. Ал флегматик темпераментінде төрт түрлі сұйықтық ішінен шырыш дейтіні көбірек болады. Бұлар тез қозбайды, бірақ істі аяғына дейін жеткізе алады. Әрине, Гиппократтың темпераменттердің әр түрлілігі де денедегі сұйық заттардың пропорциясына байланысты деуі ғылыми жағынан дәлелсіз. Кейінгі кездерде темперамент жайында басқа да теориялар шыға бастады. Соның бірі – белгілі неміс философы Қант адам темпераментін екі топқа бөледі: 1) сезім темпераменттері. Бұған ол сангвиникалық меланхолика темпераменттерін ендіреді; 2) әрекет темпераменттері. Бұларға Қант холерик және флегматик темпераменттерін жатқызады. Қант адам сезімдері мен әрекеттерін сипаттауға байланысты ол темпераменттерді адамның мінезімен қосарластыра қарайды, яғни мінез бен темпераменттің арасына теңдік белгісін қояды.

Неміс психологі В.Вундт та темпераменттерді екі топқа бөлді: 1) эмоциясы күшті темпераменттер; 2) әлсіз эмоциялы темпераменттер. Біріншісіне холерик және меланхолик темпераменттерін жатқызады. Өйткені, холериктің эмоциясы күшті болады да және тез әрекет етеді, ал меланхоликтің жан дүниесінің ауысып отыруы өте шабан, жай болып келеді.

Эмоциялы әлсіз темпераменттерге сангвиник және флегматик темпераменттер жатады. Сангвиниктің қозулары, сезімдері күшті, әрекеттері жылдам болып отырады. Ал флегматиктің эмоциялары күшті, бірақ олардың әрекеті шабан болып келеді. Вундттан кейін кейбіреулердің теориялары адмның темпераменттерінің негізіне, адамның көңілінің жағымды, я жағымсыз болуын қояды. Олар адамның темпераменттерін шаттық, көңілді темпераменттерге және уайым, мұңды темпераменттерге бөледі. Әрине, бұл жоғарыда айтылған пікірлердің барлығы бір беттілк қате теориялар. Бұл теориялар Гиппократтың теориясын өзгертіп осы уақытқа дейін қолданылып келеді.

ХХ ғасырда темперамент туралы теориялық пікір айтқан ғалымның бірі Э.Кречмер (1888 – 1964). Ол «Тән құрылысы және мінез» атты еңбегінде темперамент түрлі адамның дене құрылысымен конституциясымен байланысты болады деді. Кречмер адамдарды бөледі. Олар: пикник, атастик, астеник. Кречмердің сипаттауынша пикниктердің денесі төртпақ, қол, аяғы мен мойны қысқа, бұлшық еттері нашар, сүйектері борпылдақ, іші мен бөксесі үлкен, көкірек бездері шығыңқы, беті жұмсақ, ажарлы, денесі семіз келеді; Атлетиктер бойы ұзын, бұлшық еттері жақсы жетілген, жауырын мен бөксесі оңтайлы, мойны ұзын, дене құрлысы пропорциялы болып келеді. Астениктер (лептозондар) арық, беті сопақ, аяқ-қолы, мойыны ұзын, денесінің терісі, сүйектері бос болып келеді.

Адамның дене құрылысын осылайша сипаттай келе, Кречмер темпераменттерді екіге бөледі.Пикниктердің темпераментін Кречмер көбінесе – сиклотиник, ал атлетик пен астениктің темпераменттері – шизотимик деп атайды.Сиклонитик және шизтимикті ол сау адамдардың темпераменттеріне жатқызады. Сау адамдар мен ауру адамдардың ортасында ауруға шалығайын деп тұрған адамдардың темпераментін Кречмер сиклойд тепераментіне, ал астеник, атлетиктердің темпераментін – шизойд иемпераменті деп атаған. Оның айтуынша, сиклойдтардың және шизойдтардың өзіне тән аурулары болады. Мәселен, сиклойдтар көбінесе кем ақылдың – депрессивтік психоздармен ауырады. Кречмердің сипаттауынша сиклойдтар өте жігерлі, әрекетсіз, уайымшыл, бірақ тез көнгіш, ақ көңіл, өтн жұмсақ, жүйесіз қимылдайтын басқа адамдардың уайым – қайғысына ортақтасып, айналасындағы дүниеге, жағдайдың өзгеруіне ыңғайланғыш болып келеді. Шизойдтер – жай, қщзуы өте шабан, тұйық, жабық адам, бірақ табанды, тұрақты болып келеді. Маникалдың депрессив психозымен ауырған адамдардың мінезі жеңіл, тұрақты, өте сезімді, көңілі аумалы болып келеді. Шизофренмен ауырған адамдардың көңіл күйі түсінкі,өз жағдайын ойлай беретін, қайғы – қасіретке бейім адамдар.

Кречмер темперамент балаға ата – анасынан балаларға тұқым, нәсіл арқылы отырады, олар өзгеріске түспейді, баланың туысынан темпераменті қандай болса, сол темпераменттерді үлкейген кезде де сол бойынша қалады дейді. Әрине, темперамент жөнінде осылайша кесіп айту дәл болмайды, темпераменттер түрлі жағдайлардың әсерімен өмір сүру барысында аздап өзгеріске түсіп отырады.

.


Тағы рефераттар

bigox.kz

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *